435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

  • 82
  • UPD: 17:48, 01.01.2022
Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап Қостанай облысында жылу бағасы бес процентке қымбаттайды.

Бекітілген тариф 2025 жылға дейін өзгеріссіз қалады. Бұдан былай есептегіш қондырғылары бар тұрғындар тұтынылған гигакалория үшін 192 теңге артық төлейді. Жылыту компаниясы қызмет құнын көтермес бұрын даму стратегиясын әзірлеп, жылу жүйелерінің жағдайын бағамдаған. Қазір жылу құбырларының 70 проценті тозған.

Руслан Гасанов, табиғи монополияларды реттеу департаменті басшысының м.а.:

- Коммуналдық кәсіпорын әрі қарай дамып, жөндеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Жаңа жабдықтар сатып алады. Бұның бәрі халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы