Газ бағасын негізсіз көтергендерге шара қолданылады

Кеше маңғыстаулықтар газдың қымбаттауына наразылық білдірген еді.

Тұрғындардың айтуынша, көгілдір отын бір түнде шарықтап шыға келген. Қазір литрі 120 теңгеден сатылып жатыр. Былтыр жанармай бекеттерінде 38-40 теңгеден болған. Осыған байланысты тұрғындар облыс әкіміне газ бағасын 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етіп, үндеу жасады. Жергілікті әкімдік газ бағасын негізсіз көтергендер анықталса шара қолданатынын жеткізген. Ал энергетика министрлігі сұйытылған газ электронды жүйе арқылы саудаланатынын алға тартады. Операциялық шығындар мен кәсіпкерлердің пайдасын қоспағанда таза құны 85 теңге. Ал бағаны нарықтағы сұраныс пен ұсыныс реттейтінін жеткізген.