Маңғыстаудағы газ бағасын арнайы комиссия реттейді

Маңғыстауда газ бағасы әзірге 85-90 теңге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдерде құны әлденеше есе көтеріліп, тапшылық туындап отырған сұйық отынның бағасы осы күйінде қала ма, әлде одан төмендеуі мүмкін бе? Мұны президенттің тапсырмасымен құрылған өңірдің әлеуметтік -экономикалық ахуалын қарау жөніндегі комиссия жан-жақты талқылап шешеді. Комиисияны Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов басқарады. Комиисия құрамында энгетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин бар. Мәселе Ақтаудың өз басында шешілуі тиіс. Комиссия жағдайды көзбен көріп, түбегейлі зерттейді. Ал әзірге жанармай құю стансалары бағаны 85-90 теңге көлемінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ұстап тұрмақ.