Маңғыстау облысының әкімі көлік иелерімен кездесті

Маңғыстауда газ бағасына байланысты наразылық танытқан көлік жүргізушілерімен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жүздесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу кеше Ақтауда болды. Облыс әкімі жүргізушілерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үкімет қолға алған шаралардың жай-жапсарын түсіндірді. Сондай-ақ бағаны жекелеген газ құю стансалары сөз байласып, қолдан өсірді ме, әлде басқа себептері бар ма? Бұл жайттарды арнаулы органдар анықтайды. Осы орайда әкім жиылған автокөлік иелерінің қоғамдық тәртіпті сақтауын сұрап, тұрғындардың амандығы маңызды екенін ескертті.