Коронавируспен ауырған 199 адамның жағдайы ауыр

4 қаңтардағы коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандар туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24» Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

16 631 адам коронавирус инфекциясынан (–14 717+ және 1 914 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 153 пациент стационарда жатыр, 14 478 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 199 адамның жағдайы ауыр, 65 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.