Apple капиталы 3 триллион доллардан асты

Америкалық «Эпл» компаниясының нарықтық капиталы үш триллион доллардан асып, әлемде ең ауқымды бірлестікке айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған кеше Нью-Йорк қор биржасында Apple акциясының құны 3 процентке өсіп, 182 доллар 85 центке жетуі себеп. Екінші орында «Майкрософт», ал үшінші орында «Сауди Арам-ко» компаниясы тұр. «Эпл» бірлестігі қаржысын 1 триллион долларға 2 жылдың ішінде жеткізген.