Атырауда Маңғыстау белсенділерін қолдауға арналған бейбіт жиын өтіп жатыр

Бүгін еліміздің бірнеше қаласында Маңғыстау белсенділерін қолдауға арналған бейбіт жиын өтті.

Негізі тұрғындар қаладағы Аламан базарынан бастап жиналған. Исатай Тайманұлы көшесімен алаңға келгенше кісі қарасы едәуір көбейді. Жиналғандар «осы алаңда түнейміз» деп отыр. Киіз үй мен шатыр іздеуге кіріскен. Алаңға жиналған тұрғындармен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек мәлімдеді.

- Түнейміз! Ешқайда кетпейміз!

Асланбек Шығыр, тілші:

-Теңіз кенішінде де осындай бейбіт шеру өтіп жатыр. Мердігер мекемелердің жұмысшылары да маңғыстаулықтарды қолдауға шыққан. Ресми ақпарат бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков жұмысшылардың талабын тыңдады. Біз өңірдегі ахуалды назарда ұстаймыз.

 

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті