Ақтау мен Мұнайлы ауданын қосатын орталық жолды адамдар жауып тастады

Сонымен бірге теміржол вокзалына апаратын жолды да халық бөгеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ақпарды Мұнайлы ауданы әкімдігі растап отыр. Сонымен бірге Ақтау қаласында қоғамдық көлік жұмыс істемейді. Жалпы бүгін түнде қалада түн тыныш өтті. Бейбіт шеруге шыққан азаматтар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыстар болған жоқ. «Ынтымақ» алаңына мыңдаған адам жиналып, патриоттық әндер шырқады. Ал таңғы 4-тер шамасында қалың бұқара тарқай бастады. Дәл қазір алаңда 70-80 шақты адам ғана бар. Олар осы жерде тігілген шатырлар мен киіз үйлерге орналасып алған. Бүгін түнгі 01:30-да Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланып, ол қаңтардың 19-ы 00 сағат 00 минутқа дейін жалғасатынын айтып кету керек. Есесіне коменданттық сағат та енгізіледі. Ол кешкі 11-ден таңғы жетіге дейін созылмақ. Ал облыстың комендаты болып Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев тағайындалды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті