434,58 496,10 5,74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қоғамдық тәртіпті бұзған 200-ден астам адам ұсталды

  • 40
  • UPD: 11:59, 05.01.2022

Елдің бірқатар аймағында жаппай тәртіпсіздік кезінде азаматтар арандатушылыққа еріп, қатер төндіретін әрекетке көшкен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, Алматы, Шымкент және Тараз қалаларының әкімдіктеріне шабуыл жасап, әйнектері мен есіктерін сындырды. Шабуылдаушылар тас, таяқ, газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдаланған. Ішкі істер министрлігі таратқан ресми ақпарға сәйкес, құқық қорғау органдарының 95 қызметкері жарақат алды. 37 қызметтік көлік бүлінген. Билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік орган ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 дерегі тіркелген. Қазір олар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы юұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы