435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Маңғыстау облысының комендаты тұрғындарға бейнеүндеу жолдады

  • 43
  • UPD: 12:01, 05.01.2022

Ақтау мен Мұнайлы ауданын қосатын орталық жолды адамдар жауып тастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен бірге теміржол вокзалына апаратын жолды да халық бөгеп тұр. Бұл ақпарды Мұнайлы ауданы әкімдігі растап отыр. Сонымен бірге Ақтау қаласында қоғамдық көлік жүрмейді. Жалпы өткен түнде қалада түн тыныш өтті. Бейбіт шеруге шыққан азаматтар мен тәртіп сақшылары арасында қақтығыстар болған жоқ. «Ынтымақ» алаңына мыңдаған адам жиналып, патриоттық әндер шырқаған. Ал таңғы 4-тер шамасында қалың бұқара тарқай бастаған. Дәл қазір алаңда 70-80 шақты адам ғана бар. Олар осы жерде тігілген шатырлар мен киіз үйлерге орналасып алған. Бүгін түнгі 01:30-да Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланып, ол қаңтардың 19-ына дейін жалғасатынын айтып кету керек. Есесіне коменданттық сағат та енгізіледі. Ол кешкі 11-ден таңғы жетіге дейін созылмақ. Ал облыстың комендаты болып Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев тағайындалды.

Ол өңір тұрғындарына бейнеүндеу жолдады. Полиция департаменті басшысының сөзі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатыр. Үндеуде аймақтың бас полицейі арандатуларшылардың сөзіне ермеуге, қандай да бір заңбұзушылықтарға бой алдырмауға шақырады.

Жанарбек Бақтыбаев, Маңғыстау облысының коменданты:

– Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары. Сіздерге үндеу жолдап тұрған полиция департаментінің бастығы. Біздің облысымызда ерекше құқықтық режим белгіленген төтенше жағдай енгізілді. ҚР Президентінің Жарлығымен мен Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев Маңғыстау облысының коменданты болып тағайындалдым. Төтенше жағдайды енгізудің мақсаты – тиісті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай кезінде бірқатар уақытша шектеулер енгізілді. Енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін жасалады. Сіздерден арандатушылықтарға және тәртіп бұзушылықтарға жол бермеулеріңізді сұраймын.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы юұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы