Алтынбек Әмірғалиев: Бейбітшілік – басты мақсат

Бейбіт шеруге шыққан белсенділер билік өкілдерімен дөңгелек үстелде жүздесіп, мәмілеге келуі тиіс. Ақтөбе облыстық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы кез келген шешімді тек заң аясында қабылдауға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтөбеде халық кешелі бері облыстық әкімдік ғимараты алдында иіріліп тұр. Олардың талабы – қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешу.

Алтынбек Әмірғалиев, Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы:

– Бірқатар сұрақ өзі шешімін тауып жатыр. Қалған сұрақтардың барлығы қаралып жатыр. Ол да шешімін табады деген ойдамын. Құрметті шеруге қатысып жатқан азаматтар, сабырлық сақтауды сұраймын. Себебі бейбітшілік болу керек деген ойдамын.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы юұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті