Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік – тәуелсіздігіміз бен елдімігізге төнген үлкен қатер. Кешеден бері қала көшелерінде заңсыз шерулерге қатысқан азаматтар қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қала өміріне айтарлықтай залал келтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейбіт қоғам өмірін дүрбелеңге салдыруды көздеген экстремистік пиғылдағы азаматтар өздерінің қарақшылық, елбұзар әрекеттерімен қарапайым тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп, түрлі әлеуметтік желі каналдары арқылы жалған ақпараттар таратып, қоғамды теріс насихатпен адастыруда. Қаланың әр жерінде полиция көліктері мен полиция бекеттерін қиратып, тұрғындардың машиналарын да өртеп, жаппай тәртіпсіздік жасауда. Қаладағы қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін құқық қорғау органдары, Ұлттық ұлан сарбаздары, әскерилер, басқа да күштік құрылымдардың қызметкерлері заң аясында жұмыс жасап жатыр. Еліміздің ішкі істер министрлігі осындай мәлімет таратты.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы юұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті