Арандатушылардың арбауына түсіп қалмайық – зиялы қауым өкілдері

Қарағандыдағы зиялы қауым өкілдері де халықты сабырға шақырып, басу айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шеруге шыққандардың үні Президентке жетіп, талаптарды орындау үшін шұғыл шешім қабылданып жатқан кезде әліптің артын бағып, арандатушылардың арбауына түсіп қалмайық деді.

Қайрат Кемалов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Бейбіт шеру болғаннан кейін бірлігімізді, амандығымызды сақтауымыз керек. Мемлекет тарапы халықтың талап-тілегіне құлақ асып, шаралар қолға алынып жатқан кезде ашу-ызаға бой алдырмай, сабыр сақтаған жөн болар деп ойлаймын.

Өмірзақ Қажы Берікқожа, облыстың бас имамы:

– Мұсылманның әрбір әрекеті ол үлкен парасаттылықпен, жақсы ойлармен, жақсы шешіммен жасалған. Біздің осындай кең байтақ жеріміз бабаларымыздың даналығымен қазаққа нәсіп болған. Біз де енді бұдан кейінгі амалдарымызды басбұзарлыққа, бір фитнә, сондай бір халыққа кесірі тиетін, кері әсер ететін амалдардан сақ болайық.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті