Елде коммуналдық қызмет ақысын көтеруге мораторий жарияланады

Премьер-министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайылов осылай деді. Ол мораторий мерзімі 180 күн екенін ескертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті министрліктер бүгіннен қалмай, өз ұсыныстарын әзірлесін деген тасырма берді. Одан бөлек, мемлекет жағдайы нашар отбасылардың пәтер жалдауына көмектесетін болды. Ол үшін арнайы субсидиялар бөлінбек. Сосын Президент пәрменімен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылатын болды. Оған жиналған қаражат елдегі балалардың проблемаларын шешу үшін жұмсалады. Сондай-ақ Әлихан Смайылов Үкімет елдегі азық-түлік бағасын да бақылауда ұстайтынын айтты.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің міндетін атқарушы:

- Сауда және интеграция министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлі өңір әкімдіктерімен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылауды күшейтсін. Одан бөлек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коммуналдық қызмет ақысын көтеруге уақытша мораторий енгізуді қолға алсын.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Сондай-ақ...