Ұсталған азаматтардың жеке заттары мен көліктері жіті тексеріледі – Бас прокуратура

Коменданттық сағатты бұзған азаматтарды патрульді полиция қамауға алып, комендаттық сағат аяқталғанға дейін ұстайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Төтенше жағдай туралы» заңның 20-бабына сәйкес, төлқұжаты жоқ азаматтар жеке тұлғасы анықталғанға дейін қамауда болады. Бірақ қамауда ұстау мерзімі 48 сағаттан аспауы тиіс. Бас прокуратура таратқан мәлімет бойынша, ұсталған азаматтардың жеке заттары және көліктері жіті тексеріледі. Төтенше жағдай режимін бұзғандарға экрандағы кестеде көрсетілгендей, әкімшілік және қылмыстық кодекске сәйкес жаза қолданылады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті