Комендатура алматылықтарға шұғыл ескерту хабарлама таратты

Алматыда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қалалық комендатура тұрғындарға шұғыл ескерту хабарлама таратты.

Қазіргі уақытта қала тұрғындарынан серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуларын сұрап отыр.

«Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шараларды жалғастырып жатыр. Тәртіпті қамтамасыз ету және экстремизмге қарсы күрес бойынша операциялардың жалғасуына байланысты автокөлік иелері Төле би, Райымбек және Абай даңғылдарынан, сондай-ақ қала орталығынан айналып өту жолдарын жоспарлағаны абзал. Қауесеттер мен жалған ақпараттардың болуын ескере отырып, қала тұрғындарын ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұраймыз» делінген ресми құжатта.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті