StopFake: қазақстандықтар Киевтегі тәртіпсіздіктің ескі видеосын таратып жатыр

Әлеуметтік желі қолданушылары тағы шулады. Бұл жолы Telegram-да Киевте түсірілген тәртіпсіздіктердің ескі видеосы таратылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Телеграм арналарда Қазақстанда наразылық білдірушілер бронетранспортерлерге жанатын қоспасы бар бөтелкелер лақтырғаны туралы хабарламасы бар видео таратылып кетті. Бұл жалған ақпарат.

Шын мәнінде, бұл кадрлар 2014 жылғы ақпан айында Киевте Майданда болған наразылық шарасы кезінде түсірілген. Сол кезде видео Youtube порталында жарияланған болатын. Бұл кадрлардың Қазақстанға қатысы жоқ.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті