Алматы әкімдігінің қызметкерлері қашықтан жұмыс істейді

Арандатушылар Алматыдағы әкімдікті басып алған сәтте қызметкерлердің барлығы ғимараттан шығып үлгерген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров хабарлады. Информбюро агенттігінің тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында ол «бәрін шығарып үлгердік, жұмысшылардың бір бөлігі қашықтан жұмыс істеуге көшірілген» деп қысқа қайырды.