Зардап шеккен бизнес нысандары: олардың иелеріне көмек көрсетіледі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында наразылықтар барысында залал келтірілген бизнес нысандарының иелері форс-мажор туралы құжатты ресімдей алады деп хабарлады.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазірдің өзінде зиян келтірілген жағдайларды тіркеп жатыр: банктерге, дәмханалар мен мейрамханаларға, дүкендерге шабуыл жасау фактілері бар. Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгіну арқылы форс-мажор туралы құжат алуға болады. Куәлікті алу үшін сыртқы сауда палатасының поштасына электронды түрде құжаттар пакетін ұсыну қажет. Куәлікті қарау және беру мерзімі құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде қаралады.