Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі балаларға сақ болуды ескертеді

Алматыда жаппай тәртіпсіздікке байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі балаларға сақ болуды ескертеді.

Өйткені ата-аналардың баласын жоғалтып алу қаупі жоғары. Қала тұрғыны әрі блогер Назгүл Қожабек Алматыдағы ахуал алдында ұлы байланыс аясынан тыс қалған кезде жанын қоярға жер таппады. Бірақ абырой болғанда, баласы табылып, үйіне оралды.

Назгүл Қожабек, Алматы қаласының тұрғыны:

– «Мама, мына жерден бір нәрсе сатып алайыншы» деген соң жібердім. Сатып алды. Одан кейін сағат сегізде фейсбуктен Алатаудың алдына жұрт жиналып жатыр дегенді естігенде, бірден балама хабарластым. Қоңырау бармайды. Анамын ғой, қорқа бастадым. Балам тоғыз жарымда келді. Көзі бақырайып кеткен. Не боп жатыр. Мен айналып келдім. «Айналада адам көп» деді.