434,58 496,10 5,74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордадағы мешіттердің барлығы жабылды

  • 25
  • UPD: 23:49, 06.01.2022
Елордадағы мешіттердің барлығы жабылды Muslim.kz

Жұма намазы оқылмайды. Төтенше жағдай режимі аяқталғанша ешбір діни жоралғы жасалмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы осылай деді. Жұма намазы да жамағатпен оқылмайды. Сондай-ақ зекет беруге, құран бағыштауға ниетті жандар да әзірге мешіттерге кіре алмайды. Имамдар бұл шешімге мұсылман қауымы түсіністік танытады деп үміттенеді.

Ерболат Жүсіпов, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы: 

Сондай-ақ елде өзге де бұқаралық іс-шаралар болмайды. 7 қаңтар күні проваслав діні өкілдерінің Рождество мерекесін өткізуге шектеу салынды. Төтенше жағдайға байланысты елде бұқаралық іс-шаралардың барлығы тоқтатылды. Яғни ғибадатханалар, мешіт, синагога, шіркеулер жұмыс істемейді. Діни рәсімдер мен жоралғыларды өткізуге уақытша шектеу енгізілді. Бұл азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шара. Сондықтан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тұрғындарды шектеу талаптарын сақтап, жағдайға түсіністікпен қарауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы