Алматыдағы ахуал: LIVE

Алматыда болған жаппай тәртіпсіздік барысында полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі мен басқа да арнайы қызметтің жұмысына кедергі келтірілді.

Қаладағы кейбір нысандарға қасақана шабуыл жасағандар да болды. Орталықтағы үлкен дүкендер тоналып, азық-түлік тапшылығы да байқалып жатыр. Сондай-ақ қоғамдық көлік те жұмысын тоқтатты. Қалалық әкімдіктен хабар алу мүмкін болмай тұр.

Айта кетейік, қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының жедел штабы жұмыс істеп тұр. Тұрғындар 102 нөміріне хабарласа алады.

Еске салайық, Алматыда антитеррорлық арнайы операция жалғасып жатыр.  Бұл туралы қалалық комендатура өкілдері хабарлады. Қалаға келтірілген шығын орасан.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?