Ақтау мен Атыраудағы шеру тоқтады

Ақтау мен Атырау қалаларында шеруге шыққандар тарап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақтауда жүрген арна тілшісі Жасын Біркеновтің хабарлауынша, бүгін таңертең әкімдік маңындағы алаңға 500-ден астам адам жиналған. Олар Алматыны мысалға келтіріп, «бізге керегі ол емес, ұрыс-керіс болдырмау керек» деп үндеу тастаған. Қазір қалада көптеген мекеме, дүкен жабық, жұмыс істемей тұр. Қолма-қол ақша жетіспей, адамдарға азық-түлік алу қиынға соғуда.

Жалпы кешегі түн тыныш өткен. Осының алдында тараған әкімдік маңындағы орталық алаңда әскери адамдардың қол-аяғын байлап, тұтқынға алды деген ақпарат жалған. Бұл кезде алаңға мыңдаған адам жиналып, еліміздің Әнұраны мен патриоттық әндер айтқан. Жиында қоғам белсенділері қолына микрофон алып, азаматтарды сабыр сақтауға, арандатушылардың арбауына түсіп қалмауға және тек бейбіт шеру ғана өткізуге шақырған. Ал Семейде бұзақылар басып алған әкімдік ғимараты босатылды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?