Арандатушылыққа жол берілмеуі керек

Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік қаланың ғана емес бүкіл еліміздің тұтастығына қауіп төндірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бейбіт шеруге шығу» деген желеумен жиналғандар қарапайым тұрғындарды, әсіресе, жастарды жаппай тәртіпсіздікке азғырып, қоғамда лаң салуда. Құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қақтығысқа барып, сол арқылы «бейбіт халыққа күш қолданды» деген жалған ақпарат таратқан фактілер тіркелді. Жаппай тәртіпсіздіктен бейбіт тұрғындар зардап шегіп, әсіресе күштік құрылым қызметкерлері түрлі дене жарақаттарымен медицина мекемелеріне жүгінуде. Қазіргі таңда жағдайды тезірек қалпына келтіру үшін Алматы қаласы мен Алматы облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Ел басшылығы халықты бүлікшілердің арандатуына ермей, сабыр сақтауға, тәртіпсіздікке қатыспауға шақыруда.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?