Ақтөбе әуежайы шерушілерден босатылды

Қоғамдық тәртіппен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы Ақтөбе облысында төтенше жағдай енгізілді.

Бұл режим 19 қаңтарға дейін жалғасады. Өңірде қалыптасқан ахуалға қарамастан маңызды қызметтердің жұмысы бақылауда. Бүгін аймақ басшысы Оңдасын Оразалин облыс тұрғындарына үндеу жолдап, сабырлыққа шақырды. Сондай-ақ ел ішінде іріткі салатындарға ермеуін атап өтті. Өңірде төтенше жағдай режимі аясында кешкі сағат 22:00 ден таңғы сағат 6 ға дейін комменданттық сағат бекітілген.

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

- Біз өз тарапымыздан күнделікті тұрмысқа қажеттілікті талап ететін, қызметтердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін боламыз. Бұл туралы қала, аудан әкімдеріне тиісті тапсырманы бердім. Осы орайда облыс тұрғындарын сабырлыққа шақырамын және тыныштықты сақтап арандатушыларға ермеуді сұраймын. Төтенше жағдай кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбауымыз қажет ағайын. Уақытымен барлығы өз орнына келеді, тек сабырлы болыңыздар.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?