Шымкент қаласындағы жағдай толығымен бақылауға алынды

Қауіпсіздікті сақтау мақсатында қаладағы банк бөлімшелері, базарлар, дәмханалар мен мейрамханалар жұмысын тоқтатып жатыр.

Түнде арандатушылардың қалалық әкімдікке жақын орналасқан супермаркеттің бірін тонағаны белгілі болды. Ішке басып кіргендер өздерімен бірге азық-түлікті алып кеткен. Тағы бір дәмханаға шабуыл жасалып, қалалық көрме орталығына өрт қойылған. Оның ішіндегі жиһаздар мен кеңсе заттарын қызыл жалын шарпыған. Қалалық әкімдік аумағындағы «Сергек» бейнебақылау камералары сынған. Қаланың бұл бөлігіндегі бағдаршамдар да істен шыққан. Соның салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісі пайда болды. Бұл маңда полицейлердің көлігі мен қарапайым тұрғындардың да автокөлігі отқа оранған.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?