Шетелде қалған отандастарымыз елге қайтарылады

Бүгінде 7 жарым мыңға жуық отандасымыз шетелде жүр. Қазір оларды құзырлы органдармен бірлесіп, Қазақстанға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады. Онда барлығы штаттық режимде Қазақстанға қайтарылатыны айтылған. Сонымен қатар кәсіпкерлер елдегі төтенше жағдайға қарамастан, ең қажетті азық-түлік және онкологиялық дертке шалдыққан науқастар мен диабетпен ауыратындарға дәрі-дәрмектерді жеткізуде өздеріне жүктелген барлық міндетті уақытлы атқаратынын жеткізді.

Талғат Темірханов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

– Қазір жылумен және жанар-жағармаймен қамту орталықтары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Біз дәрі-дәрмек пен азық-түлік және ең қажетті нысандардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?