Қарағанды қаласында жағдай тұрақты

Әлеуметтік нысандар, ірі сауда орындары, қызмет көрсету орталықтары базарлар штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Тек екінші деңгейлі банктер уақытша жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ Қарағанды облысында бүгіннен бастап комменданттық сағат енгізілді.

Абзал Нүкенов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

- Бүгінгі күні Қарағанды облысы бойынша төтенше жағдай енгізілгенін өздеріңіз білесіздер. Осыған байланысты тиісті шаралар қабылданып жатыр. Жалпы айтатын болсақ, халықтың ішіндегі алаңдаушылық ол әрине түсінікті. Елдің басына үлкен сын түсіп тұр. Елдің тағдыры, болашағы бәйге үстінде. Бірақ сол бәйге үстінде болғанның өзінде мен өзіміздің облыс жұртшылығына рақмет айтқым келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізіп жатқан ұстанымын, саясатын түсініп, қолдаудың нәтижесі деп білемін.

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?