Бізге жастарды ойланбай жасалған әрекеттерден қорғау өте маңызды – Ақылбек Күрішбаев

Мемлекет басшысының саясатын бүкіл халықтың, барлық прогрессивті күштердің қолдауы бұрынғыдан да маңызды.

Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты ҚР Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің барлық азаматтары сияқты болған оқиғаларға байланысты өте алаңдаулымын. Экономиканы одан әрі қарай дамытып, азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін бізге елдегі тұрақтылық ауадай қажет. Сонда ғана мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері дәйекті түрде іске асырылуы мүмкін. Біз Қазақстандағы тұрақсыздықты қолай көретін арандатушылар мен сыртқы күштердің жетегінде кетпеуіміз керек. Халқымызға соғыс қажет емес, ортақ үйіміздегі бейбітшілікті сақтауымыз керек. Сондықтан Мемлекет басшысының саясатын бүкіл халықтың, барлық прогрессивті күштердің қолдауы бұрынғыдан да маңызды», - дейді сенатор. Оның айтуынша, жастарды ойланбай жасалған әрекеттерден қорғау өте маңызды.

«Президент қабылдаған шаралар және Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдайдың жариялануы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған уақытша шара. Біз мұны түсінуіміз керек. Біздің қоғамда әділетті көтеріліп отырған бірқатар мәселелерді Үкіметтің уақтылы шаралар қабылдауы арқылы өз кезінде шешуге боладтын еді деп есептеймін. Олардың көбі қазір Президенттің жеке араласуынан кейін ғана шешімін тауып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде халықты әлеуметтік қолдаудың басымдықтарын нақты белгілеп берді және олар орындалады! Еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты! Бізге жастарды ойланбай жасалған әрекеттерден қорғау өте маңызды», - деді Ақылбек Күрішбаев.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?