434,23 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Газ бағасын көтергендерге қатысты тергеу басталды

  • 44
  • UPD: 18:09, 07.01.2022
Газ бағасын көтергендерге қатысты тергеу басталды РИА Новости

Елде сұйытылған газ бағасын көпе-көрнеу көтергендерге қатысты тергеу басталды.

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Атап айтсақ, «Қазмұнайгаз», «Petrosun», «Ақтөбемұнайгаз», «Қазгермұнай», «Қазақойл Ақтөбе» және «ҚазГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электронды сауда кезінде бағаны шамадан тыс өсіргені анықталды. Тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күн ішінде белгілі болады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?

Хабар 24 телеарнасы