БҚО, СҚО және Қостанай облысында тәртіпсіздік болған жоқ

Түркістан облысында азаматтық белсенділер жергілікті билікке жәрдемдесіп, қоғамдық тәртіпті бақылауға атсалысуға кіріскен. Жергілікті жұртқа төтенше жағдай кезіндегі талап-тілектер түсіндіріліп жатыр. Өңірдің адам көп шоғырланған аудандарында коменданттық сағат енгізілді. Жағдай толық бақылауда. Облыс әкімінің басқаруымен жедел штаб жұмыс істеп тұр. Оның құрамында құқық қорғау органдарының өкілдері бар.

Атырау облысында 6 қаңтар күні кешке алаңдағы шерушілер өз еркімен тарқады. Ал қалғандары төтенше жағдайдың режимін бұзғаны үшін қамауға алынды. Қаңтардың 4-і мен 6-сы аралығында болған тәртіптсіздік кезінде 48 адам денсаулық сақтау ұйымдарына жүгінген. Оның 36-сы ішкі істер органдары мен әскери қызметкерлері, 12-сі қарапайым тұрғын. 5 қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде бір адамға оқ тиіп, қаза тапты. Қазір өңірде ахуал тұрақталып келеді. Жедел штаб жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар лаңкестікке қарсы штаб құрылған.

Ал Қарағанды облысында «109» сенім шұғыл желісі іске қосылған. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Жергілікті тұрғындар төтенше жағдайға қатысты кез келген мәселеге қатысты сұрақ қоя алады. Жағдай толық жергілікті биліктің бақылауында.

Ақмола өңірінде ахуал тұрақты. Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті бақылауға көмектесу үшін «Ақмола қауіпсіздік аумағы» деп аталатын халық жасағы құрылған. Оның құрамына спортшылар, ІІМ және қорғаныс министрлігінің ардагерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері бар.

БҚО, СҚО және Қостанай облысында тәртіпсіздіктер болған жоқ. Ахуал жергілікті биліктің бақылауында. Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларын орындау барысында жұмыстар атқарылып жатыр.

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?