Қызылордада жағдай тұрақтала бастады

Өткен түн тыныш өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарлады.

Тек екі ұсақ бұзақылық тіркелген. Қалада антитеррорлық операция әлі де жалғасып жатыр. Алдыңғы тәртіпсіздік кезінде бірде бір кәсіпкерлік нысанға нұқсан келген жоқ. Алайда мемлекеттік органдар көп жапа шекті. Бұзақылар облыстық, қалалық әкімдіктерді қиратып, «Нұр Отан» мен сот ғимаратын жағып жіберген. Сондай-ақ полиция департаменті мен жедел жәрдем қызметіне, тіпті мәйітханаға шабуыл жасаған. Дәл қазір барлық нысан құқық қорғаушылардың қатаң бақылауында. Біртіндеп келген шығындар есептеліп жатыр.

Мира Қазыбекова, Ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Антитеррорлық операция жалғасып жатыр. Осыған байланысты қоғамдық көлік тоқтатылды. Базар мен үлкен сауда орталықтары жағдайға сай ашылмақ. Қаланың 5 аумағында блокпосттар қойылды. Дәл қазір қала тыныш. Тұрақталды.

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?