434,23 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сауда желілерінің қызметі қалыпқа келді

  • 25
  • UPD: 18:01, 07.01.2022

Сауда және интеграция министрлігіне азаматтардан азық-түлік ақысын төлем картасымен немесе интернет арқылы төлей алмай жатқанына қатысты шағымдар түсуде.

Лаңкестікке қарсы операция салдарынан ғаламторға кіруге тосқауыл қойылды. Бұл ретте министрлік тұрақтандыру мақсатында қолға алынған шараларға түсіністікпен қарауды өтініп отыр. Ал сауда нысандарының жұмысы толық қалпына келтірілгенге дейін ақшалай төлемге көшуді сұрайды. Дегенмен, қазіргі таңда көптеген өңірлерде сауда саласындағы жағдай тұрақты. Азық-түліктің үздіксіз жеткізілуі үшін барлық қажетті жағдай жасалуда. Негізгі қор жеткілікті. Бағаларды белгілеу барысында алыпсатарлыққа жол берілмейді.

Егер негізсіз көтеру жайттарына куә болсаңыздар онда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 8 /7172/ 75-06-88 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Қазір тонау нәтижесінде жапа шеккен Алматы, Талдықорған, Орал, Шымкент және Тараз қалаларының бірқатар сауда нысандарынан басқалары штаттық режімде жұмыс жасап тұр. Алдын ала бағалау бойынша кәсіпкерлерге келтірілген залал көлемі 26 млрд теңгеден асады. 

Рашид Жорабеков, ҚР Сауда министрлігінің басқарма басшысы:

- Қазір көп өңірлерде сауда саласында жағдай тұрақты. Тонау салдарынан зардап шеккен Алматы Талдықорған, Орал, Шымкент және Тараз  қалаларында бірқатар сауда объектілерін қоспағанда объектілер жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Азық-түлік жеткілікті болып қалады. Жеткізу үшін барлық жағда жасап жатыр. Тапшылыққа алаңдауға негіз жоқ. Алып сатарлыққа жол берілмейді.

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?

Хабар 24 телеарнасы