435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Теміржол қатынасы қалыпқа келтірілді

  • 19
  • UPD: 18:00, 07.01.2022

Елде теміржол қатынасы толық қалыпқа келді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы хабарлады.

Бұған дейін қатынас тоқтаған Мақат, Арал теңізі, Бейнеу, Маңғыстау, Сексеуіл станциялары ашылды. Қазір жол бойында кідіріп қалған пойыздар өз бағыты бойынша жүріп жатыр. Бұған дейін 25 жолаушылар пойызы тоқтатылған еді. Бүгін түскі екіден бастап барлық бағыттар кестеге сай қатынайды. Бірақ бұған дейінгі кідірістерге байланысты олар діттеген жеріне уақытынан кешігіп жетуі мүмкін.

Ал жүк пойыздарына келетін болсақ, бұған дейін 129 құрам тоқтаған еді. Қазір станцияларда 75-і ғана қалды. Қалғаны өз бағыты бойынша жүріп жатыр. Ұлттық компания интернет пен банк операциялары қалыпқа келгенге дейін кәсіпорындар мен тасымал компанияларының төлемдерін кейінге шегерді. Яғни кешіккен төлемдер үшін айыппұл немесе санкция салынбайды. Ал жолға шығудан бас тартқан жолаушыларға билет ақысы толық қайтарылады. Ол үшін Қазақстан темір жолы компаниясының кассаларына алты ай ішінде келсе болады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Қ.Тоқаев 11 қаңтарда Үкіметке нақты тапсырмалар береді

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?

Хабар 24 телеарнасы