Елімізде мұнай мен газ өндіру тоқтатылған жоқ

Елімізде мұнай мен газ өндіру тоқтатылған жоқ. Үш мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл жөнінде энергетика министрінің міндетін атқарушы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның айтуынша, тек «Теңіз» кен орнындағы өндіріс көлемі төмендеген. Оны транспорттық шектеуге байланысты деп түсіндірді ведмоство басшысы. Бұған қоса, кей өңірдегі жанармай құю бекеттерінде қаупсіздікті сақтауға орай және интернеттің жоқтығынан сұйытылған газдың сатылуында уақытша шектеу байқалады. «Бүгінгі таңда бензин және дизель отыны бойынша қалдықтар 20 күндік қажеттілікті жабу үшін жеткілікті», – деді Мағзұм Мырзағалиев.