Қазіргі лаңкестер басқаша әрекет етеді – Сарапшы пікірі

Сарапшылар қазіргі лаңкестердің әрекет ету тактикасы өзгергендігін айтады, деп хабарлайды Хабар24.

Олар бұрынғыдай жиі жарылыс жасап, жанкештілерді жібермейді. Қоғамға сіңіп, тамырын басқан соң елмен бірге биліктегілерге лап береді. Ал кейін басқаруды өз қолдарына алады. Сарапшы Амнгелді Құрметтің пайымы осы. Ол Қазақстанда болып жатқан бүліктің кейбір элементтері Иракта 2014 жылы ДАИШ ұйымдастырған қырғынға ұқсас екенін айтып қалды.  

Амангелді Құрмет, әскери журналист:

– Халықтың қандайда бір наразылық акциясына шығуын күтіп отырған үлкен бір топтың барын байқағандай болдым өз басым. Ол барлық қалада сондай адамдарын топтастырып қойған. «Ұйықтап жатқан клетка» деген термин болады осындай жасырын ұйымдарда. Базар маңында, басқа да жерлерде осылай ұзақ уақыт команданы күтіп отыратын адамдар болады. Бұлар сол тәсілмен жұмыс істегенін байқаймыз. Бұл Алматыда ғана жасалған жоқ. Басқа қалаларда да бір мезгілде жасалды.Тіпті радикалды топтар бола қоюы неғайбыл. Теріскейдегі, шығыстағы кейбір өңірлерде де осындай әрекет жасады. Демек бұны ұзақ уақыт дайындаған. Мұндай дайындыққа жету үшін кемі бір жылдың дайындығы керек. 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?