Елордада халық жасағы құрылды

Елордада 500 адамнан құралған «Халық сақшылары» деп аталатын жасақ құрылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Оның құрамына қала тұрғындары мен белсенділер, танымал спортшылар, мұғалімдер, дәрігерлер және кәсіпкерлер мен еріктілер кірді. Жасаққа мүше болғысы келетін ел азаматтарының саны сағат санап артып жатыр. Олар елордада тәртіпсіздік пен заңсыздықтарға жол бермес үшін күш құрылымдарына қолғабыс етеді. Мемлекеттік маңызды нысандар мен қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты кәсіпорындарды күзетеді. Осылайша ұлтжанды азаматтар елдегі тыныштықты сақтап, қаланы қорғауға атсалысуды көздеп отыр.

Азамат Ерқасымов, дәрігерлер арасында футболдан әлем чемпионы:

– Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Біз тәртіп сақшыларын қорғауға, елімізді жерімізді қорғауға осындай  басқосуға бәрімізді шақырамын! Біз біргеміз!

Әлібек Мұқатаев, Ат спорты федерациясының президенті:

– Ассалаумағалейкум қазақ елі, бауырлар, ағайындар! Баршаларыңыз көріп жатырсыздар елімізде не болып жатқанын. Бүгінгі біздің жиналған мақсатымыз қазақтың бауырлары, батырлары бәріміз бірігіп елімізді қорғау. 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?