Бүлікшілер 78 млрд теңгеден астам шығын келтірген

Еліміздегі бизнес нысандары жаппай бүліктен 78 млрд теңгеден астам шығынға ұшырады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл шығын әлі де өсуі мүмкін. Себебі интернет желісіндегі ақаудан кәсіпкерлердің көпшілігі толық ақпарат бере алмай отыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 800-ден астам кәсіп иесі мүлкі талан-таражға түскенін жеткізген. Қазір кәсіпкерлерге лаңкестерден келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Президент тапсырмасы бойынша бизнесіне нұқсан келген кәсіпкерлерге бюджеттен қаржы қарастырылады. Арнайы комиссия өтініштерді келесі аптадан бастап, қабылдауға кірісуі мүмкін.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

– Кәсіпкерлердің бірлік үшін бүлікке қарсы деген хештег бір-біріне қолдау көрсетіп жатыр. Қазір бізге ынтымақ керек. Мемлекет басшысының саясатын қолдап, елімізде Конституциялық тәртіпті орнатуымыз керек. Оған кәміл сенеміз. Кәсіпкерлер қауымдастығы қолдайды. Кәсіпкерлердің бәрі әлеуметтік жауапкершілігін сезіп отыр. Сондықтан халыққа керек негізгі тауарлар қазір жеткізіп, бір-екі күнде толығымен тәртіпке келеді деген сенім бар.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Қ.Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады. 

Лаңкестермен ешқандай келісім болмайды – Қ.Тоқаев

Алматыдағы бүлік кезінде Almaty телеарнасының қызметкері қаза тапты

Банктер 10 қаңтарға дейін жұмыс істемейді

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 2 сарбазы қаза тапты

ҚР ІІМ: күштік құрылымдардың 18 қызметкері қаза тапты

Түркітілдес мемлекеттер ұйымы қолдау көрсетуге дайын

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бізге не береді?