434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Таразда арнайы әскери операция жалғасып жатыр

  • 53
  • UPD: 12:37, 09.01.2022

Тараздың орталық алаңын мұздай қаруланған арнайы әскери жасақ бақылап тұр, деп хабарлайды Хабар 24.

Кеше бүлікшілер қалалық әкімдікті басып алмақ болды. Алайда оларға әскерилер тойтарыс берді. Бұған дейін бүлікшілер облыстық полиция департаменті, облыстық әкімдік, қалалық нөмірі бірінші полиция бөлімін тас-талқан етіп қиратып, өртеп жіберген. Нұр-Отан партиясының ғимараты әлі жанып жатыр. Өртті сөндіруге бірнеше техника жұмылдырылған. Жағдайды бақылауда ұстап тұр. Өңірге коменданттық сағат енгізілді. Бұл облыста кешкі сағат жетіден таңғы жетіге дейін бейберекет жүргендер жауапқа тартылады. Қазір 11 жерде блок-бекет қойылды. Бекеттерге 4 рет қарулы шабуыл жасалған. Бұл туралы облыс әкімінің басапасөз қызметі хабарлады.  Бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары ертең басталады. Бүгін мердігерлермен келіссөздер жүргізілді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы