Газға шығындалған кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Сұйытылған газ өндірушілері көтерме бағаларды төмендету бағытында жасалған келісім-шарттарды қайта қарауға міндетті, деп хабарлайды Хабар 24.

Желтоқсан айында газды қымбат бағаға алып, енді литрін 50-70 теңгеге сатуға мәжбүр болған кәсіпкерлер жаппай шағымданып жатыр.

Серік Жұманғарин, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

– Бүгін біз Энергетика министрлігімен, «Қазмұнайгаз» басшыларымен, ұлттық кәсіпкерлік палатамен келісілді. Келесі ақпан айына осы айырмашылығы ақшаның есепке алынады. Сол себептен орта және шағын бизнестің шығыны болмайды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті