Сауда үстемесін 15%-тен асырғандар айыппұл төлейді

Елімізде азық-түлік нарығында қатаң бақылау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Заңға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің құнына 15 проценттен артық қосуға тыйым салынады. Оларға кірістің 3-5 процент мөлшерінде айыппұл салынып, монополиялық қызметтен түскен табысы толықтай тәркіленеді.