Ауызбіршіліктен ажырамайық – С.Айтбаева

Елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер халықты сабырлыққа шақырып, бұзақы топтардың қолынан қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл айтуда, деп хабарлайды хабар 24.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы бағытын қолдаушылар қатарында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева да бар.

Светлана Айтбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Жап-жас Ұлттық ұланның ұландары, полиция қызметкерлері жазықсыздан жазықсыз осындай бұзақы топтың қолынан қаза тауып жатыр. Барлық халқымызға осы боздақтардың қапыда кеткен өмірі үшін қайғыра көңіл айтамын ең алдымен. Ешқашан ауызбіршілігімізден ажырамайық. Бұл уақытша ғана дүние. Уақытша қиындық. Біз бір болсақ, бәрін жеңеміз. Әдемі ару қаламыз Алматының жазығы не? Соның бәрін тонап жатқан жандарды көргенде шын мәнінде жүрегіміз қиналып, ұялып отырмыз. Бір болайық, сабырлықпен қандай қиындықты да жеңетініміз анық. Осындай сын сәтте өте сындарлы бағыт ұстап отырған мемлекет басшысымыздың әрбір сөзін аса ыждахаттылықпен тыңдап, әрбір үндеуін асыға күттік. Өте дұрыс бағыт. Біз қолдаймыз.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті