Мұғалімдер Президенттің шешімін қолдайды

Отандастарымыз ортақ заңға бағыну керек, сонда ғана тәртіп болады. Бұл мемлекет басшысының үндеуіне үн қосқан мұғалімдердің пікірі, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұстаздар қауымы сабырлық пен бірлікке үндейді.

Гүлзипа Қылышпаева, №5 гимназияның мұғалімі:

– Халықтың сұрауына, елдің үндеуіне ешкім қарсы келіп жатқан жоқ. Оны бейбіт түрде талап ету керек. Бірақ ол талап орындалу үшін мұндай әрекетке бару дұрыс емес. Тыныштықта барлық нәрсеге қол жетімді, балаларымыз ашық аспан астында керемет білім алып жатыр. Бәрі өзіміздің қолымызда ғой. Ешкімге өкпе жоқ.Тек еңбек ету керек. Халыққа Отанға адал болу керек.

Сандұғаш Парманова, №66 мектеп-лицейінің мұғалімі:

– Қорқыныш болды, алаңдатушылық болды. Президенттің үндеуінен кейін, үндеу саясатын қолдаймыз. Қара ниетті болған азаматтар жазасын алады, бұл енді қайталанбайды деп ойлаймыз.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті