Қарағанды облысында күштік құрылымдар өңірді толық бақылауға алды

Бұған дейін жұмысын уақытша тоқтатқан үш зауыттың еңбеккерлері жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Хабар 24.

Қарағанды маңына 8 блок-бекет қойылды. Полиция кірген-шыққан көліктерді жіті тексеріп жатыр. Коменданттық сағатқа байланысты, түнгі он бірден кейін қозғалысқа тыйым салынды. Тұрғындарға да көшеге шығуға болмайды. Жанар-жағар май бекеттерінде сұйытылған газ бағасы 70 теңгеден, бензин 181-182 теңгеден сатылып жатыр. Ірі сауда нүктелері, базарлар, қоғамдық қызмет көрсету орындары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

 

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті