Ақтауда шерушілер үйіне тарап жатыр

Елімізде төтенше жағдай режимі әлі де жалғасуда. Дегенмен, аймақтарда ахуал тұрақталып келеді. Мәселен, Ақтауда орталық алаңда адам қарасы азайды. Осы күндері алаңға мыңдаған азамат шықса, қазір шерушілердің саны 100-ге жетпейді. Қалада тіршілік жандануда.

Алаңда адам азайып келеді. Қазір 100-ге тарта кісі қалды. Бейбіт шеру қала тіршілігіне кедергісіз жүріп жатқанын айтып кету керек. Облыс орталығынан бөлек тағы 3 ауданда бөбекжайлар жұмыс істеп тұр. Қалғаны келер дүйсенбіде ашылмақ. Азық-түлік дүкендері ашық. Кассалар тек қолма-қол ақша қабылдайды. Ал банктер мен банкоматтар алдында ұзын-сонар кезек.  

Газ құю бекеттерінде де көлік кезегі қалың. Сұйытылған отынның 1 литрі 45-50 теңге тұрады. Бензин тек талон арқылы босатылады. 

Мұнайлы ауданында жағдай бірқалыпты. Вокзал мен «Адай» базасы жанында шеруге шыққандар толық тарқады. Қазір ауданда 20 газқұю бекеті өз жұмысын жалғастырып келеді. Теміржол қозғалысы да қалпына түсті. Пойыздар кесте бойынша жүре бастады. Ал Ақтау халықаралық әуежайында ұшақтар әзірге ұшпай жатыр. Дегенмен бұл бағытта көлік қозғалысы қайта жанданды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті