434,48 496,10 5,67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекетіміз сын кезеңді бастан өткеріп отыр

  • 43
  • UPD: 12:43, 09.01.2022

Елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін темірдей тәртіп орнап, нақты қадамдар жасалуы керек.

Президенттің лаңкестерге қарсы қабылдаған қатаң шешімдерін Мәжіліс депутаттары қолдайды.

Айтуынша, тәуелсіздік пен тыныштық қазақ халқының басты байлығы. Оған қауіп төндіргендерге бірге қарсы тұрған жөн.

Берік Дүйсенбинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өкінішке орай, біздің мемлекетіміз басынан тағы бір сынақ кезеңді өткеріп жатыр. Біздің ең басты байлығымыз біздің тәуелсіздігіміз. Енді осы сынақ кезеңінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің табанды басшы, қайсар азамат ретінде көрсете білді. Ендігі міндет мемлекет басшысын қолдап, осы мәселелерді құқықтық кеңістікте шешу.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы