435,10 496,10 5,68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жаппай тәртіпсіздік кезінде темір жолға зиян келген жоқ

  • 48
  • UPD: 12:43, 09.01.2022

Жаппай тәртіпсіздік кезінде темір жолға залал келген жоқ.

Бұл туралы "Қазақстан Темір Жолы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

Пойыз қозғалысы толық жанданған соң вагондардың іші жолаушыларға лық толды. Осыған байланысты ұлттық компания басшылығы қосымша пойыздарды іске қосты. Сонымен қатар күні кеше жолаушылар интернетке қосылмай билеттерді ресми сайттан және "каспи.кз" қосымшасы арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл вокзал кассалары алдындағы ұзын-сонар кезектің алдын алды. Билеттердің бар-жоғын Bilet.railways.kz сайты арқылы да білуге болады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті

Хабар 24 телеарнасы