Оқытушы қауым Президент үндеуіне қолдау білдірді

Еліміздің әр аймағындағы оқытушы қауым да Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне қолдау білдірді.

Келешекте қазіргідей төтеден келетін қауіптен мемлекетті қорғаудың жалғыз жолы отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу дейді олар.

Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, тарих ғылымдарының докторы:

- Президенттің төңірегіне ғылыми педагогикалық интелегенция жиналып, қолдау көрсетіп отыр. Өйткені, демакратия білімі жоғары, санасы жоғары қоғамға ғана керек. Ал егер білім жеткіліксіз, сана төмен болса, олар бүгінгідей жағдайға алып келеді. Осы тұрғыда біз Абай айтқандай, толық адам әзірлеуіміз керек. Тек білімді-білікті ғана емес, отанын сүйтетін, жан-жақты тәрбиесі бар, көргені бар жастарды тәрбиелесек, мұндайларға келешекте жол берілмейді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті