Алматыда лаңкестерге қарсы операция жалғасуда

Республика алаңы, қала әкімдігі мен Алматы халықаралық әуежайын әскерилер күзетіп тұр.

Ол аумақтарға ешкімді өткізбейді. Операция қаланың шеткі аудандарында да жүріп жатыр. Жанар-жағармай құю бекеттерінде кезек байқалады. Қазір қала көшелері өртенген техникалардан тазартылып жатыр. Бұзақылардан зардап шеккен дүкен иелері шығынға шаш-етектен батқанын айтады.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті