Жамбыл облысында қару-жарақ пен шетел валюталары табылды

Жамбыл облысында күштік құрылымдар жүргізген операция барысында ірі көлемде қару-жарақ табылды.

14 дана Калашников автоматы, 1 дана Драгунов снайперлік винтовкасы, 15 - карабин, 8 патрон мен граната тәркіленді. Қаскөйлер бұл қару-жарақты Жамбыл облысының аумағында террористік шабуыл мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қолдануды көздеген. Тінту кезінде доллар мен қырғыз сомы да шықты. Басқыншылар бұл ақшаны митингке қатысатын студенттерге төлемекші болған. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдарға алкоголь мен есірткі берілген. Облыс бойынша 139 адам ұсталды, 29 блок бекет қойылды.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті